Атыраулық азамат тұрғындардың жағасын ұстатты... (+ВИДЕО)
Атырау қаласындағы көппәтерлі үйлердің бірінің тұрғындары агрессивті көршісіне қатысты шағымданды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ата-анасының өтініші бойынша ер адам облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылды. Ер адам қатты айқайлап, есік соғып, көршілерін қорқытқан. Көршілер балалары үшін алаңдаған. Үй тұрғындарының айтуынша, құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінгендеріне қарамастан, "ашулы" көршіні тыныштандыруға шара қабылдана қоймаған.
Атырау қалалық полиция басқармасы 1991 жылы туған ер адамның ата-анасының өтініші бойынша облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылғанын хабарлады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ