Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы алты жұмыскердің денесін тапты. Жетінші жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетуде. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото:depositphotos.com