Құрманғазы ауданында білім сапасы артуда

Құрманғазы ауданы бойынша білім саласындағы оң өзгерістердің бірі - білім сапасының артуы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 2023-2024 оқу жылында білім сапасы 1-ші жартыжылдықта 52,7 пайызды құраса, 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша білім сапасы 54 пайызды құрап, +1,3 пайызға өсім болып отыр. Бұл көрсеткіш - бөлімнің білім сапасын арттыруға бағытталған іс шаралар жұмыстарына сай қарқынды жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Аудандық білім бөлімінің мамандарынан білгеніміздей, ауданда облыстық деңгейдегі білім сапасын арттыруға бағытталған ауданаралық тәжірибе алмасу семинарлары өткізілуде.

2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктер:

​Атырау қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өткен болатын. Олимпиаданың аудандық кезеңіне мектептерден келіп түскен сұранысқа сәйкес 13 пән бойынша 401 оқушы қатысты. Пәндер бойынша жүлделі бірінші орын иеленген 35 оқушы облыстық кезеңге қатысып қайтты. Ауданымыз бойынша 13 пәннен 35 оқушы қатысып І орын-1 оқушы, ІІ орын-3 оқушы, ІІІ орын-2 оқушы, 6 оқушымыз алғыс хатқа ие болды. Нәтижесінде, республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен аудандық білім беру ұйымдары арасында Құрманғазы ауданы "Ең үздік олимпиадалық команда-2024" - ІІІ орын иеленді. ​Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен аудандық білім беру ұйымдары арасында Құрманғазы ауданы "Ең үздік олимпиадалық команда-2025" - ІІ орын иеленді.

Облыс бойынша ауданның көрсеткіші:

ІҮ «DIRECTOR`S CUP» облыстық мектеп директорларының дебат турнирі -2024 жыл. І орын;

Облыстық педагогикалық оқулар байқауы-2024 жыл. ІІ орын;

Ауданның тәрбие саласы рейтингілік І орынды иемденді;

Ауданның жас спортшылары 6 жыл қатарынан облыстық сайыстардан рейтингілік І орын алды;

Облыс бойынша «Үздік ауыл мектебі» атағын иеленген мектептер :

- Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі, «Үздік ауыл мектебі» ;

- Абай атындағы жалпы орта мектебі

«Үздік ауыл мектебі» ;

- Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі

«Үздік ауыл мектебі» ;

- Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі «Үздік ауыл мектебі»:

Ағымдау жөндеу және жылу маусымына дайындық жұмыстары:

Мектептерді жаңа оқу жылына дайындау мақсатында мектептерге 21 037,0 мың теңге, бала бақшаларға 6 408,0 мың теңге, барлығы 26 445,0 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру ұйымдарын қысқы жылу маусымына дайындау үшін 7 мектеп, 5 балабақша, 1 қосымша білім беру ұйымына қаржы бөлініп, 1 дана ток генераторы, 10 дана жылу жылу қазандығы, 14 дана су айдау насосы және тағы басқа да қажетті заттар сатып алу, білім беру ұйымдарына жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді.

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін қоршауға қаржы бөлініп, мердігер ЖК «Лейла» қоршау жұмыстарын жүргізуде.

Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебін қоршауға қаржы бөлініп, мердігер «Асыл еңбек Құрылыс» ЖШС қоршау жұмыстарын және электр жарық шамдары қондырып жұмысты аяқтады.

Дәулеткерей атындағы саз мектебінің Орлы ауылындағы филиалының жәй жөндеу-ішкі жұмыстарына және ғимараттың сыртын сайдингпен қаптау жұмыстарына қаржы бөлініп, мердігер ЖК «Ильяс» жәй жөндеу-ішкі жұмыстарын аяқтады, ал мердігер ЖК «Табын строй групп» ғимараттың сыртын сайдингпен қаптау жұмыстары бойынша келісім шартқа отыруда.

Абай атындағы жалпы орта мектебін орталық жылу қазанынан бөліп автономды жылу қазанын, жылу қазаны ғимаратын салу, орнату үшін қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс нәтижесімен ТОО «Жаһан-Атырау» мекемесімен келісім шартқа отырды.

Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурсқа берілді. Конкурс қорытындысымен «Құрылыс Тайм Контракт» ЖШС-і анықталды, келісім шарт ұсынылды.

Жаңа мектеп құрылысы:

Аудан мектептеріндегі оқушылардың орын тапшылығын жою бағытында Құрманғазы және Ақкөл ауылдарынан 2023-2024 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 600 орындық жаңа мектеп құрылысы жұмыстары жүруде, аяқталу мерзімі 2024 жылдың аяғы жоспарланып, 2025 жылдың тамызына дейін деп ауыстырылды. Бұл объектілер бойынша шатырды орнату бойынша жұмыстар, сонымен бірге, ішкі бөлмелерді орнату және аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар басталды.

Жаңғырту жұмыстары:

2024 жылы аудан бойынша 7 мектепке - Қиғаш, Ж.Нәжімеденов, Панфилов, Ш.Уалиханов, Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептеріне қаржы бөлініп, мектептің 1-ші қабаты, кітапхана бөлмесіне модернизация (жаңғырту) жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы 7 мектепке 12 арнайы оқу кабинеттері сатып алынды.

Балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін 23 балабақшаға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы керекті ноутбук, мұздатқыш, электр плиталары сатып алынды.

Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебіне және Дәулеткерей атындағы саз мектебіне музыкалық аспаптар сатып алынды.

Абай, Ә.Сәрсенбаев, Ы.Алтынсарин, Шортанбай, Ғ.Мүсірепов, Д.Нұрпейісова, Н.С.Имашев, Ш.Уалиханов, Нұржау мектептеріне және білім бөліміне барлығы 100 компьютер сатып алуға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурсқа беру жұмыстары жүргізілуде.

А.Иманов атындағы негізгі орта мектебіне «ТШО» ЖШС-нің демеушілігімен 25 компьютер алынды.

Ағымдағы жылдың І тоқсанында «Құрманғазы-Туған жер» қоғамдық қорының демеушілігімен білім беру ұйымдарына 86 ноутбук алынды.

Аудан бойынша үш ауысымда оқитын және апатты мектептер жоқ.

Бұдан басқа ауданда күрделі жөндеуді қажет ететін 5 мектеп (Абай, Сәрсенбаев, Сүйіндік, Еңбекші, ГШИ), 1 балабақша бар (Теңіз) бар. Аталған мектептерге техникалық сараптама алынған. Қазіргі таңда Абай атындағы жалпы орта мектебіне ЖСҚ жасақтауға мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурсқа берілді. Ал Теңіз ауылында орналасқан «Айсамал» балабақшасына ЖСҚ жасақтауға мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурсқа беріліп, жеңімпаз мердігер «ASK Project» ЖШС-гі жобалық-сметалық құжатты жасақтауда.

Оқушыларды мектепке тасымалдау:

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ата-аналардың өтінішіне сәйкес мектеп орналасқан жерден 3 км-ден қашық елді мекеннен қатысып оқитын 33 елді мекеннен 797 оқушы тегін тасымалмен қамтылған.

Білім беру мекемелерінде балаларды тасымалдайтын 14 автокөлік бар. 2024 жылы ауданға 5 жаңадан автобус алынды. Олар: Балалар-жасөспірімдердің денешынықтыру және даярлық клубына, Б.Бегалиев, М.Ауезов, С.Мұханов және Ә.Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектептеріне тасымал көліктері жаңартылды.

Сәуле МАҒАУ