Шахтадағы апат: Алты жұмысшының денесі табылды

Алты жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алты жұмыскерінің денесін тапты. Олардың жеке басының ақпараты анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары тобы жұмыс істеуде" делінген хабарламада.

Фото:depositphotos.com