Атырауда донер дүңгіршегі өртенді (+ВИДЕО)
17 ақпан сағат 22:14-те Атырау қаласы Өркен ықшам ауданындағы ауданы 12 шаршы метр болатын дүңгіршектен өрт шыққандығы жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан білгеніміздей, құтқарушылар тез тағам дайындауға арналған орындағы өртті сағат 22:30-да оқшаулап, 22:42-де толықтай жойды. Шақыртуға Атырау облысы ТЖД 15 құтқарушы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ