Атырауда алты көлік соқтығысты...

Жол-көлік оқиғасы 11 ақпанда Нұрсая шағынауданында болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Таңертең белгісіз жүргізуші аулада тұрған бес көлікке соғылып, қашып кетті, деп хабарлайды atyraupress тілшісі. Баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық полиция департаменті тексеру барысында Toyota Camry көлігі тұрақта тұрған ВАЗ 2121, Lada Priora, Toyota Camry, Lada Granta және ВАЗ 2110 көліктерімен соқтығысқаны анықталды, содан кейін жүргізуші белгісіз бағытта қашып кетті. Белгілі болғандай, соқтығыс жасаған Toyota Camry автокөлігінің иесі өз көлігін Нұрсая шағынауданындағы автотұрақта құлыпталмаған күйде қалдырып кеткен. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша материалдар жиналуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ