Ұлытауда шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.

- Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшіні арнайы комиссия құрылды, - делінген хабарламада.

Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.

"kaz.inform.kz"

Фото: ҚР Үкіметі