Жетінші жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті.
"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Қайтыс болған жеті жұмысшылардың денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. ҚР ТЖМ жедел штабының «жедел желісіне» 23 қоңырау келіп түсті" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото:depositphotos.com