Ұлытаудағы «Жомарт» кенішінде апат болды

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды. 

Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.

- Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, Жомарт шахтасына жедел медициналық көмектің үш бригадасы жөнелтілді. 

«3 жедел жәрдем көлігі жөнелтілді: 1 - облыстық көпсалалы ауруханадан, 2 - Жезқазған медициналық орталығынан», - деп хабарлады Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:50-де Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болып, жеті адам төтенше жағдайда қалды.

- Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ұлытау облысының ТЖД қазіргі уақытта құлаған тау жынысы үйінділерінің арғы жағында қалып қойған Жомарт шахтасы қызметкерлерінің тізімін хабарлады.

Қызметкерлердің аты-жөні:

1. Нұрұлдаев О.Ж.,
2. Жакубаев А.Б.
3. Кенжебеков О.А.
4. Ақшалов К.А.
5. Молдабеков Г.Е.
6. Жұмадуллаев Б.Н.
7. Рожков К.В.

"kaz.inform.kz"

Фото: ekaraganda.kz / Instagram