Атырау облыстық қан орталығында бүгін сағат 9-дан 12-ге дейін қан қабылданды, осы уақыт аралығында донорлар 43 литр қан тапсырды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Өзгеге өмір сыйла» акциясының ұйымдастырылуына ықпал еткен Азаматтық орталық. Процедурадан бұрын қан тапсырғысы келген адамдар денсаулығының жай-күйіне, қан құрамына, гемоглобиннің деңгейіне және қан қысымының өлшемін тексерді. Акция барысында қан аурулары, жол-көлік оқиғаларында жарақат алу және т.б. үшін қан жиналды.
ATPress.kz
Фото: ӨКҚ