Қазақстандық ақша айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасының бағамы 388 теңгеден асып кетті.
Сайттағы мәліметте, ақша айырбастау нүктелерінде бір доллар 387,2 мен 388,2 теңге аралығындағы сатылып жатыр.
Өткен аптада теңге антирекордын жаңартқан болатын. KASE-те америкалық валюта 385,1 теңгеге жеткен.
Ол кезде нарық бағамның төмендеуіне осылайша әрекет еткен. Ал ақша айырбастау пунктерінде доллар 387 теңгеден сатылып жатты.
Бірнеше күннен кейін, антирекорд тағы да жаңарып, KASE-те доллар 385,76 теңгеге саудаланса, айырбастау пунктерінде 387,2 теңгеге сатылды.
Дереккөз: NUR.KZ
Фото: Ашық дереккөз