Атырау облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, Нұрсая шағынауданындағы №48 үйдің астынан ашылған велоорталықтың құрылысы толықтай аяқталып, алғашқы даярлық тобына балалар қабылдады.
Қазіргі таңда 10-15 жас аралығындағы 30-дан астам бала жаттығуларға кірісіп кетті. Ол үшін Талдықорған қаласынан арнайы білікті жаттықтырушы Ербол Бедербеков шақыртылған, оқу-жаттығу велотренажерларда өткізіледі. Орталыққа демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50 тренажер сатып алынған.
-Жаңа орталық болашақ Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін дайындап шығатын»чемпиондар шеберханасына айналатынына сенемін. Қазіргі таңда балалар үшін қажетті жағдайлар толықтай жасалған, - дейді Спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Фото: Atyrau Sport