Мұнайлы астанада қоғамдық көліктерді пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Infobus» мобильді қосымшасы іске қосылды,- деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Енді атыраулықтар нақты уақыт режимінде автобустардың қозғалысын бақылай алады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Infobus» мобильді қосымшасы іске қосылды.
- Біз GPS трекерлері бар 140 жаңа автобусты жабдықтадық. Енді атыраулықтар аялдамаға автобус келетін уақытын көре алады. Жаңа қосымша автобусты күту уақытын үнемдеуге көмектеседі ,- деді «Smart Атырау» ЖШС директоры Әділбек Танкиев.
ATPress.kz
Фото: Атырау қалалық әкімдігі