Атырау облысы құрамасы спартакиада қорытындысы бойынша 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спортшы Айгүл Елубай 73 келіде Спартакиада чемпионы атанды. 46 келіде Айдана Еділбаева, 58 келіде Сағдат Жолдасбаев, 74 келіде Алмас Меллатов және +87 келіде Үмбет Шәкиев күміс жүлдеге ие болса, 67 келіде Жадыра Хайруллина және +73 келіде Майра Сүйенбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, 3-4 тамыз күндері қаламызда таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиада ойындарында еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
ATPress.kz
Фото: ӨКҚ