«Қазгидромет» метеоқызметі алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын ұсынды.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болмақ. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болғанымен, 35-42°С дейін аптап ыстық болады.
Дереккөз: Sputnik Kazakhstan
Фото: Ашық дереккөз