Жарты миллион доллар ақша әкетпек болғандар ұсталды

2022 жылғы мамырда шекарашылар "Ауқатты" автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) 500 000-нан  астам АҚШ долларын заңсыз әкетудің алдын алды, - деп хабарлайды  ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті ү.ж. 14 наурызда "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" №830 Жарлыққа қол қойған.

 Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Ұсталған ер адам пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.