Қаржылық пирамидаға алданған әйел өзін өртеп жібермек болды

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына ақша салып, алданып қалған салымшы Нұр-Сұлтан қаласындағы ІІМ ғимаратының алдында өзін өртеп жіберді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, әйел кісі пирамидаға 20 млн теңге салған. Өзін өртеген кездегі видеосын желіде журналист Ерқанат Көпжасар парақшасында жариялады.

Видеодан өрт сөндіру құралының көмегімен әйел адамды аман алып қалғаны көрінеді, дегенмен оның қазіргі жағдайы беймәлім. 
Бұған дейін 8 сәуір күні қаржылық пирамидаға алданған салымшылар Алматы қаласы полиция департаментінің алдында пикет өткізген. Олар құқыққорғау органдарының істі тергеудегі объективтіліктің жоқтығын айтып шағымданған. Салымшылар істі жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне және ІІД тергеу департаментіне беруді талап еткен.


Еске салайық, осы қаржылық пирамиданың аясында бірнеше блогергерлер қылмыстық істің аЕске салсақ, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Төребаев пен Шерниязов кепілмен босатылды. Тергеушілердің айтуынша, вайнерлер Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде табыс тауып отырған.