Белгісіз ер адамнан көшеде соққы алған бойжеткен полицияға шағымданды

«Оқиға Алматы қаласында болған» деп хабарлайды ATPress.kz

Белгісіз адамнан ауыр соққы алған Анастасия есімді бойжеткен оқиға туралы almatygggram  инстаграм парақшасында жазған.

«Кеше түнде үйдің маңында бейтаныс адам маған шабуыл жасап, басымнан қан аққанша, аямай ұрды. Ссосын өзі келген жаққа қарай қашып кетті. Мен дереу полицияға хабарластым, алайда олар әлі бейнекамераларды тексерген жоқ. Оның түрін де есімде сақтап қалдым. Бірақ, ол туралы менен ешкім сұраған жоқ. Бұл істі полиция жауып тастайма деп қорқамын», - деп жазды Анастасия.

«Қаз Ақпараттың» хабарлауынша, Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлім еткен.

«Жәбірленуші алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға 16 тамызға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданында болған. Тергеу барысы қалалық полиция басшылығының бақылауына алынды», - деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Баян Жанұзақова

Фото: ашық дереккөздерден