Жетінші сыныпта оқитын қыз анасына бәрін жасырмай айтып берген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өз кезегінде такси жүргізушісі де оқушы қыздың қолынан ұстап, бетінен сүйгенін жасырмады. Ал, анасы полицияға хабар бергенін айтады.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуына қарағанда, қалалық полиция қызметкерлері істі «ұсақ бұзақылық» ретінде сотқа жолдаған. Қазір Қылмыстық кодекстің «көрнеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» бабымен тергеу басталып та кетті.
Жүргізушінің кінәсі делелденетін болса, біреудің көлігімен алты баласын асырап жүрген таксист 12 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ