Ақтөбе облысы аумағындағы автокөлік тасжолын су шайып кетті

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының Ақтөбе облысы аумағына қарасты 246-шақырымы тұсындағы автокөлік көпірін тасқын су шайып кетті. Осыған байланысты аталған тас жол арқылы Ақтөбе облысына қатынайтын барлық автокөлік құралдарының осы бағыттағы қозғалысына шектеу қойылғанын ескертеміз» делінген хабарламада.