АTPress.kz. 13 наурыз. 17 наурызда «Қазмедиа Орталығында» «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті апталық шолу брифингінде ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.
Жобаның негізгі мақсаты - журналистер қауымын шығармашылық ізденіске ынталандырып, осы саланың дамуына серпін беру.
- Қазіргі таңда 12 номинация бойынша еліміздің барлық өңірлерінен 214 байқау жұмыстары келіп түсті. Байқау жұмыстарын құрамында Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова, Президенттің «Телерадиокешені» АҚ бас директоры Ерлана Бекхожин, қоғам қайраткері, тележүргізуші, әртіс Аружан Саин, Қазақстан баспасөз клубының Президенті Әсел Қараулова, сондай-ақ, танымал журналист Иманғали Нұртілеу және тағы басқа тұлғалар бар қазылар алқасы бағалайтын болады, - деді Мұрат Жұманбай.
Мереке Асанова