ATPress.kz. 10 қараша. Белгілі әнші, ақын-сазгер, Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» Қалидолла Ізекенұлының шығармашылық кеші бүгін Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында болып өтті.
Кеш барысында ақынның өмірдеректері мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды.
Айтулы кештегі басты жаңалықтардың бірі - ақын-сазгер Қалидолла Ізекенұлының жақында ғана жарық көрген «Арман шуағы» атты компактдискісінің тұсаукесер рәсімінің өтуі болды. Оның тұсауын Қызылқоға ауданы әкімі Арман Баженов пен жергілікті сазгер Әбдіғапар Жұмаханұлы кесті.
Нұрсәуле Жауынбаева
Суреттерді түсірген Бауыржан Бердіғалиев