Оңтүстіктің тұрғындары үшін «Shymkent City» жобасы жүзеге асуда

АTPress.kz. 22 мамыр. Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі бірқатар салаларда көшбасшылық орындарда келеді. Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ба

Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін экономиканың жаңа драйверіне айналдыру бағытында нақты міндеттер қойып отырғандығын айтқан өңір басшысы бүгінгі күні облыста 363 бірлік ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылғанын мәлім етті. Бұл кооперативтерге 40 мыңға жуық үй шаруашылығы мен фермерлік қожалықтар біріктірілген.

- Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135-і облысымыздың үлесінде. Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 млрд. теңгеге, 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 37 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда, - деді әкім брифингте.

- Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру да - үлкен мәселе. Әлемдік деңгейде мегаполиске жататын қалалардың арнайы көрсеткіштері мен индикаторлары бар екенін айтқан әкім Шымкент мегаполисіне байланысты көрсеткіштер мен индикаторлар әлі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Мысалы, қаладағы жекеменшікке жататын жер үйлер саны 217 мың болса, көпқабатты тұрғын үй саны небары – 2042. - Шымкент қаласы бойынша – 923 000 адам бар. Осы ретте, қалада «Shymkent City» жобасы жүзеге асырылуда. Осы 420 гектар жерді қамтитын жобаға байланысты барлық негізгі инфрақұрылымдық жұмыстар биылғы жылдың аяғына дейін аяқталады. Болашақта ол 70 мың халық тұратын тұрғын ауданға айналмақ. Сонымен қатар, өңірде алдағы 4 жылда 205 жаңа мектеп салу көзделуде, - деді Ж.Түймебаев. 

 

Мереке Асанова