НАУРЫЗ: Құрманғазыда қайда қандай шара өтеді?

Құрманғазы ауданында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтпек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Құрметті аудан тұрғындары және қонақтар! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған Наурызнама онкүндігіне орай ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар мен көркем-танымдық тақырыптық бағдарламалар кешенін тамашалауға шақырамыз!" делінген аудандық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.