«Нұрлы тал» этноауылында Көрісу мерекесі тойланды (+ФОТО)

Оған Атыраудағы этнобірлестік көшбасшылары қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған шарада жиналғандар бір-бірімен үш мәрте құшақтасып, игі тілектерін арнады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

whatsapp image 2024 03 12 at 12.12.49

Мерекелік көңіл-күйді қаладағы суық ауа райы да бұза алмады. Ән әуелеп, күй күмбірледі. Жастар мың бұрала биледі. Аналар кеңесі мен Ақасақалдар кеңесінің өкілдері шараның шырайын келтіріп, көрігін қыздырды.

whatsapp image 2024 03 12 at 12.12.51

Сондай-ақ, қонақтарға арнап ақ дастархан жайылды. Ал, Еркінқала ауылының ақсақалы Хамза Ғабдолла алақан жайып бата берді.

«Бізде, яғни, еліміздің батыс өлкесінде Наурыз мейрамы Көрісуден басталады. Бұл – бір-бірімізге тәтті тілектер айтып, ізгі амалдар жасайтын күн. Ендеше, биылғы Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!» деді ол.

whatsapp image 2024 03 12 at 12.12.50

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ