Мұқыр ауылында жалғыз басты әке қиындықтары туралы айтып берді

ATPress.kz. 29 қараша. Мұқыр ауылында анасыз қалған отбасының балаларын бағып отырған әке бар. Жалғыз басты әке анасыз бала тәрбиелеудің қиындықтары, отбасындағы әйелдің ролі туралы «Әкеге қарап ұл өсер» тақырыбымен өткен бағдарламада баяндап берді.

«Айтуға оңай» бағдарламасының желісінде Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр орта мектебінде өткен ток-шоуға ардагер-ұстаз Амангелді Сәрсембаев, Мұқыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақниет Сақиев, зейнеткер Ізбасар Отар, «Әжелер» ансамблінің әншісі Мақташ Досбосыновалар сарапшы ретінде қатысып, бағдарлама кейіпкерлеріне тығырықтан шығу жолдарын айтты. Мұқыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әйгерім Карон мен мектеп инспекторы Парасат Бахыбаев бұл отбасыға тиісінше көмектің беріліп келе жатқанын атап өтті.

Айта кетелік, Мұқыр орта  мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айгүл Абдрахова мен Серікболсын Беріков ұйымдастырған бағдарлама «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар – отбасының рухани адамгершілік негізі» атты облыстық семинар аясында өтті. 

 

Лаура Нариманова