Жылыой ауданында ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны», «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» Мұқағали Мақатаев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, ақын, журналист, қоғам қайраткері, «Қазақ поэзиясының падишасы» Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай «Мұқағали - Фариза» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Байқау «Фариза Оңғарсынованың поэзиясын оқу» және «Мұқағали Мақатаевтың поэзиясын оқу» атты екі кезеңнен тұрды.
Жыр додасына 19 адам қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушыларға Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Науаров, Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлібек Амандықов және «Жастар» халық театрының әртісі Дархан Смаилов төрелік етті.
Байқау қорытындысына сәйкес №21 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Салтанат Айтуова бас жүлдеге ие болды. Ал №3 жалпы орта білім беретін мектептің 11 сынып оқушысы Ерназ Жаңбырбай І орынды, №9 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Мадина Каримова ІІ орынды қанжығасына байлады. №3 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Айым Сәндібекқызы, жеке кәсіпкер Диана Ізбасар және №1 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ «Кең Жылой» газетінің тілшісі Ерназ Ахметкәрімов арнайы жүлдеге болды.