Халықаралық форум аясында түрлі мәдени-көпшілік шаралар өтеді

ATPress.kz. 6 наурыз. 14-15 наурыз күндері Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтеді. Екі күнге созылатын форум аясында ірі көлемдегі бірнеше рухани, танымдық, мәдени және спорттық бағыттағы шаралар жоспарланған.

Форум 14 наурыз күні жергілікті уақыт 11.00-де «Исатай - Махамбет» алаңында «Жаңа жасыңмен, Ұлы дала Елі» фестивалімен басталады. Сол күні 14.30 - 18.00 аралығында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбымен республикалық деңгейде айтыс өтеді. Айтыскерлер тыңдарманын Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драмтеатрында күтеді. Төменде екі күндік форум аясында жоспарланған шаралар тізімін ұсынып отырмыз.

14 наурыз

14.30-18.00 - «Ақынға тағзым» атты Фариза Оңғарсынованың әдеби оқулары. «Нұрмұхан Жантөрин» ат. филармония, Атырау қ., М.Өтемісов көшесі, 115

14.30-18.00 - қазақша күрестен халықаралық чемпионат. Теннис орталығы, Атырау қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 48

14.30-18.00 - Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина атындағы күйші-домбырашылардың республикалық байқауы. «Құрманғазы» мәдениет сарайы, Атырау қ., Заполярная көшесі,1

14.30-18.00 «Ән-дария» дәстүрлі әндердің халықаралық фестивалі. «Жастар» мәдениет сарайы, Атырау қ., Балыкшы көшесі, 86а

14.30-18.00 – «Төлдеген төл мәдениетімізді дәріптеу» атты этно-қолөнерші Ырза Турсынзаданың мастер-классы. Облыстық өлкетану мұражайы, Атырау қ., Б.Момышұлы көшесі, 3

19.00-20.30 - «Спикер #7» жастар зияткерлік конференциясы. «Armata» мейрамханасы,  Атырау қ., Құрманғазы көшесі, 12

19.00-21.00 - Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті. «Исатай-Махамбет» алаңы

 
15 наурыз
 

10.00-12.00 - «Наурыз – адамзаттың материалды емес құндылығы ретінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі. «Сұлтан Палас» қонақ үйі, Атырау қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 70

14.00-14.30 - Назарбаев зияткерлік мектебіндегі «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесіне бару. НЗМ ғимараты, Атырау қ., Нұрсая ш.ауд., 11 көше, 22 ғимарат

14.30-15.00 - «Ұлы дала ұлағаты» кітабінің тұсаукесері. НЗМ ғимараты, Атырау қ., Нұрсая ш.ауд., 11 көше, 22 ғимарат

15.00-17.00 - «Рухани жаңғыру» республикалық жобалық кеңсе өкілдерімен мәжіліс. APEC Petrotechnic ЖТМ Атырау қ., Нұрсая м/а

18.00-20.00 - «Домбыра Party» жастар акциясы. «Baizaar» ойын-сауық орталығы Атырау қ., Құлманов көшесі, 111а

 

Тасым Әбіш

Сурет Рахим Қойлыбаевтікі