«Қош келдің, Жаңа жыл»

Осындай атпен Индерде оқушыларға арналған аудан әкімінің шыршасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде өткен мерекелік шараға аудан көлемінен 7-13 жас аралығындағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстардың жеңімпазы атаған 110 бала қатысты.

Жаңа жылдық шыршаға қатынасушы балаларды аудан әкімі Д.Шамұратов құттықтап, арнайы сертификат және сыйлықтар мен тәттілер табыстады.

Балаларға арналған концерттік бағдарламада әуелеген ән шырқалып, мың бұралған бишілер балаларға ерекше әсер сыйлады.