ATPress.kz. 2 желтоқсан. Президент күні мерекесін индерліктер жоғары деңгейде атап өтті. Индер аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік жиында аудан әкімі С. Арыстан мен аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров тұрғындарды құттықтады.
Одан әрі Индер өлкесінің көркеюі мен экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ азаматтар марапатталды. Мұндай құрметке Бөдене саз мектебінің мұғалімі Г. Сариева, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас инспекторы Т. Айтқұлов, «ИСИГипсИндер» ЖШС-нің инженері В.Катков, статистика бөлімінің жетекші маманы Қ. Шалекенов және басқалары бар.
Кейін көрермендер «Сармад» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалады.
Саламат Базарбаев