ATPress.kz. 11 шілде. Бүгінде Әзірбайжан энергетикалық қауіпсіздік мәселесін дау мен тайталастың емес, халықаралық серіктестіктің негізі болуға үндейді.
Осы орайда, вице-президенттің бірінші көмекшісі Анар Алакбаров: «Әзірбайжан мен Қазақстанды берік достық пен сыйластыққа сүйенген тарихи сенімді қарым-қатынас тұтастандырады», - дейді.
Өз кезегінде энергетика вице-министрі Магзум Мирзагалиев Әзірбайжан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқандардың алдыңғы қатарында болғанын айтып өтті.
«Қазақстан мен Әзірбайжанның көзқарастары ортақ және ұқсас. Қазақстан бізге Орталық Азия мен Қытайға жол ашып отыр. Біз халықаралық көрменің арқасында жаһанның мұрасымен шабыттанып, болашаққа қадам басамыз», - деді вице-министр.
Әзірбайжан ұлттық павильонының қойылымында балама энергия көздері мәселесі бойынша жеткен жетістіктерін бейнелейтін стендтер, карталар және экспонаттар көрсетілген. Оның тұжырымдамасы әзірбайжан тарихы, мәдениеті, өнері, халық капиталы және төзімділік дәстүрі сияқты ұлттық құндылықтарға негізделген.
Айдос Қарабала
Фото expo2017astana.com сайтынан алынған