«Дос жүрегін шекара бөлмейді» атты VI халықаралық фестиваль өтеді

ATPress.kz. 4 қазан. Атырауда 7 қазан күні «Дос жүрегін шекара бөлмейді» атты VI халықаралық фестиваль өтеді. Шараны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырып отыр.

Фестивальге Әзербайжан, Грузия және Ресейден қонақтар қатысады деп жоспарлануда. Ендеше, өңір тұрғындарын осынау маңызды шараны тамашалауға шақырамыз. Кіру тегін. 

Халықаралық фестиваль аясында облыстық әкімдіктің мәжіліс залында (7 қабат) 7 қазан күні сағат 10.00-11.00 аралығында «Шекаралас аймақтағы этномәдени ынтымақтастық: проблемалары мен келешегі» тақырыбында «дөңгелек үстел» болады. 

Сондай-ақ, 15.00-17.00 аралығында М. Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрында «Дос жүрегін шекара бөле алмайды! Границы не разделяют сердца друзей!» атты VI халықаралық фестиваль өтеді. 

Егер шараға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, ұйымдастырушыларға хабарласуға болады. Байланыс нөмірлері: +7702 214 55 05, +7701 733 16 36, +7701 606 97 64.

 

Айқара Ғұмар

Фото culture.ru сайтынан алынған