ATPress.kz. 7 наурыз. Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табыс етілді.
Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев әйелдер қауымымен кездесу кезінде табыстады.
Жеті бала өсіріп, тәрбиелегені үшін үй шаруасындағы ана Сағадат Балқасыноваға «Алтын алқа» ұсынылса, алты бала туып тәрбиелегені үшін Ләззат Шаxаева «Күміс алқаға» ие болды.
Салтанатты жиынға Ділдә Матайқызы, Алтыншаш Жағанова, Айсұлу Көшекова, Рәшилә Мұрсалиевалар да шақырылған болатын. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналған арулардың барлығына сыйлықтар табыс етіп, аймақ әйелдерін мерекесімен құттықтап, лебізін білдірді.
Мереке Асанова