Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні

Шаңырақ – қазақ халқының материалдық және рухани мұрасының бір бөлігі, отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл күн жастардың бойында отбасылық құндылықтарға деген құрметті арттыруға, отансүйгіштікке, жауапкершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеуге бағытталған. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Наурыз мейрамының мән-маңызына айрықша тоқталып өткен болатын.

"Мен «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатымда Ұлыстың ұлы күнін бүкіл ел болып жаңаша атап өтетінімізді айттым. Жақында осыған байланысты арнайы тұжырымдама қабылданды. Әрине, бүкіл әлем жұртшылығымен бірге қарсы алатын Жаңа жыл мерекесінен бас тартпаймыз. Бірақ Әз Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта түсеміз. Мысалы, Көрісу күнінен басталатын мейрам кезінде әр күннің өз атауы болады" деген болатын Мемлекет басшысы.