Атыраулық жас әнші Санат Асуат Македониядан жеңіспен оралды

ATPress.kz. 11 қазан. Биыл Македонияның Прилеп қаласында «Звездочки» атты халықаралық музыкалық балалар байқауы өткізілген-ді. Оған қатысқан жас әнші Санат Асуат бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сөйтіп, Санат атыраулықтардың үкілі үмітін зор абыроймен ақтап шықты.

Конкурсқа бармас бұрын жеңіспен оралуға уәде берген ол өз сөзінде тұрды. Оған арнайылап жазылған «Болашаққа қол созайық» атты тұсаукесер ән гала-концерт барысында екінші мәрте орындалып, көптің ыстық ықыласына бөленді. Жақында жарыс жеңімпазын «Атырау» халықаралық әуежайынан жерлестері зор қошеметпен күтіп алды.  

 

Мөлдір Балтабекқызы