Атырау қаласындағы «URPAQ» қолөнер академиясында «Qol Oner Dauysy-2023» атты байқауының екінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Байқау өткен жылдың қыркүйек айында 67 мектептен 1500 оқушымен басталған болатын. Іріктеуден өткен 360 оқушы екінші кезеңге қатысуда. Іс-шара «Ағаштан жасалған бұйымдар», «Тоқу өнері», «Киізден жасалған бұйымдар», «Тігін өнімдері», «Тоқыма және кесте өнері», «Тұрмыстық қалдықтар мен табиғи материалдармен жұмыс», «Сурет салу» сияқты 7 номинациядан тұрады.
- Жалпы байқаудың мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарыта отырып, шеберлігін шындау. Балалардың көркем шығармашылығының дамуына және насихатталуына жәрдем ету, халықтық салт-дәстүрді сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Ал жеңімпаз балаларға «URPAQ» қолөнер академиясында тегін білім алу гранты тағайындалады,- деді байқау ұйымдастырушысы, «URPAQ» қолөнер академиясының басшысы Нұрберген Даулетов.
Айта кетейік, аталған байқау бүгін 28 наурызда аяқталады.