ATPress.kz. 7 желтоқсан. Сенбі күні Атырауда спорттық бал билері бойынша халықаралық турнир басталады.
Турнирге еліміздің өзге өңірлерінен және алыс-жақын шет елдерден 350 астам биші қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, хореографиялық байқауға әртүрлі жастағы бишілер қатысады. Турнир қатысушыларын Бельгия, Литва, Ресей, Голландия, Германия және басқа да мемлекеттерден келетін 12 әлемдік төреші бағалайды.
- Байқауға бір ғана Атырау облысынан 25-тен астам жұп қатысады, олардың барлығы жоғары деңгейдегі хореографиялық дайындықтан өтті, әдемі костюмдер мен ерекше би бағдарламаларын дайындады, - дейді Атырау облыстық спорттық бал билері федерациясының президенті Лидия Мұқанова.
Халықаралық би турнирі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен өткізіледі.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, IX Халықаралық «Аэлита кубогы-2017» спорттық би турнирі 9-10 желтоқсан аралығында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылуда.
Турнир 9 желтоқсанда сағат 9.00 «Атырау» дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде басталады. Кіру тегін.
Бек Әзберген