Атырауда Әбіш шығармашылығын зерттеу-ғылыми орталығы ашылды

ATPress.kz, 24 қазан. Атырауда Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған 3 күндік іс-шаралар аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Әбіш шығармалашылығын зерттеу

Салтанатты жиында Әбіш Кекілбаевтың жары Клара Жұмабайқызы арысын еске алып жатырған Атырау азаматтарына ризашылығын білдіріп, орталыққа заңғар жазушының бір топ кітаптарын сыйға тартты. Ғылыми орталықта қайраткер жайында БАҚ-да жарық көрген шығармалар мен кітаптар көрмесі қойылған.

Мәдени көпшілік шараға Республикамыздың әр түкпірінен ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі, Кенжеғали Сағадиев, ақын, қоғам қайраткері Ақұштап Бақтыгереева, мәжіліс депутаты, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған бір топ сапарлас достары мен студент жастар жиналды.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. "Әбіш әкенің қанымен, ананың сүтімен келген мінезінің арқасында еліне бір адамдай қызмет атқарды. Әбішті жазушы ретінде ғана тану аздық етеді. Ол еліміздің дамуына қаламымен де, сөзімен де, ісімен де бағыт берген азамат. Елін сүйген, жерін сүйген, ұлтжанды деген азамат Әбіш ағадай болуы керек шығар", - деді ол.

Шара барысында зиялы қауым өкілдері Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы мен өмірі жайында естеліктер айтты. Академик Кенжеғали Сағадиев Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-нің 2 студентіне өз қаражаты есебінен Ә.Кекілбаев атындағы стипендия тағайындап отырғандығын жеткізіп, сертификаттарын табыс етті.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет автордікі