ATPress.kz. 7 желтоқсан. Жақында «Ақ көгершін» балалар шығармашылығының республикалық фестиваль конкурсы өткені белгілі.
Аталған конкурсқа Махамбет аудандық өнер мектебінен жеті оқушы қатысқан еді. Осы сайыста З. Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінің домбыра сыныбынан қатысушы, Назымгүл Мұхамбетқалиеваның шәкірті Нұрислам Нияз «Бас жүлдеге» ие болса, вокал сыныбының мұғалімі Бибінұр Шакимованың қос шәкірті Нұрмұхаммед Насимов («І дәрежелі лауреат») пен Мағжан Мамбетиязов («ІІ дәрежелі дипломант») атанды. Сондай-ақ, домбыра сыныбының мұғалімі Мейрамгүл Төлешованың Аружан Әміржан және Аяулым Елеуова атты шәкірттері «ІІІ дәрежелі лауреат» атағын иеленсе, терме сыныбының мұғалімі Кенжегүл Жұмаханованың шәкірттері Амина Әбуова «І дәрежелі дипломант» ал, Бексана Галимова «ІІ дәрежелі лауреат» атанды.
Сонымен қатар, сырнай сыныбының мұғалімі Жанболат Губайдуллиннің шәкірті Шыңғыс Халелұлы «ІІ дәрежелі лауреат» атағын қанжығаға байлап келген болатын.
Фамиля Қожанова,
Махамбет ауданы