Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осыған орай, біз Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне хабарласқан едік.
– «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысты тергеп-тексеруді бастады. Оның негізіне мұнай өңдеудің тауар нарығында тауарды өндіру (өткізу) көлемінің және бағасының динамикасына жүргізілген талдау себеп болды. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Департамент 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде орташа бағаны 31%-ға ұлғайта отырып, мұнай өңдеуге монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде және қолдауда көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. Монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын ықтимал бұзушылықтарды тергеп-тексеру процесінде айқындалатынын атап өткен жөн, - деп жауап берді департамент мамандары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ