Енді қоқыс жәшігіне құрылыс қалдығы мен жиһаз салуға болмайды
Енді үйді жөндегеннен кейінгі қалдықтарды немесе жиһаздарды ауладағы қоқыс жәшігіне тастауға заңмен тыйым салынады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мұндай қатты қалдықтарды қалалық полигонға төге аласыз. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыстың қалалары мен елді мекендерін абаттандыру қағидасының екінші ережесінде белгіленгендей, тұрғындар ескі-құсқы жиһазын көлігімен арнайы орынға апарып, QR код арқылы ақысын төлегеннен кейін ғана тастай алады. Қалалық полигонға кіру құны бір текше метр мөлшерінде - 860,25 тг.
Егер көпке ортақ пайдаланатын қоқыс контейнерлеріне тастаса: ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабына сәйкес, ортақ орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау- бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 18 460 теңге айыппұл салынады.
Фото: ru.freepik.com