Атырауды таза қала деуге бола ма? (+ВИДЕО, ФОТО)

Жыл басынан бері Атырау қаласынан 140 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Возможно, это изображение улица и текст

Атырау қаласының тазалығына жауапты “Арнаулы Автобаза” коммуналдық мекемесінің қызметкерлері тәулік сайын 400 тонна тұрмыстық қалдықты жинап, полигонға апарады. Өңірлік коммуникациялар қызметінен білгеніміздей, биыл облыс орталығының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 348 қоқыс контейнері сатып алынып, учаскелерге қойылған. Оған қосымша 325 қоқыс контейнері жаңасына ауыстырылған.

 

- Күнделікті тазалық жұмыстарына 324 жұмысшы мен 45 техника жұмылдырылады. Осы жылы біздің қызметкерлер қала сыртында орналасқан 53 стихиялық қоқыс алаңдарының 16-ын тазалап, 3700 тонна қоқыс шығарды. Бізге міндеттелген алаңдар түгелдей тазаланды,- деді учаске басшысы Күләндә Әжіғалиева.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 2 человека, дорога и улица

Возможно, это изображение 2 человека, обслуживающее транспортное средство и текст

Возможно, это изображение 2 человека, улица и дорога