Атырауда тоқтаусыз жауған қардан 840 текше метр үйінді шығарылды

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Таңғы 02:00 ден бастап іске кіріскен қызметкерлер қарды тазартудан бөлек көпірлер мен әлеуметтік-қоғамдық орындарға арнайы ерітінділер себуде. Осы ретте, тазарту жұмыстарына 34 арнайы техника және «Арнаулыавтобаза» мекемесінің 250-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.

 

Нәтижесінде, 840 текше метр қар үйіндісі шығарылып, 48 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады" делінген хабарламада.

Айта кетейік, ақпанның 3-і күні іңір қараңғысынан бастап жауған қар келесі күнгі кешкі уақытқа дейін толастаған жоқ.

Бұл шаһарда биылға алғаш түскен қалың қар болды.