20 «наурыз», 2023 6

Қазақстан қажет болған жағдайда қызылшаға қарсы екпе жүргізеді


Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер 2023 жылғы 14 наурыздағы «Қазақстан Республикасында қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат 30 жасқа дейінгі байланыста болған адамдарды қызылшамен ауыратын науқаспен соңғы қарым-қатынаста болған кезден бастап 72 сағаттан кешіктірмей хабардар етілген келісімді алғаннан кейін, оның ішінде шетел азаматтарын шұғыл вакцинациялауды көздейді.

Сонымен қатар, мына мәселелер қарастырылған:

  • аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 күн бойы байланыста болған адамдарды күнделікті медициналық бақылау;
  • облыстағы 30 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы егу жұмыстарына талдау жүргізіп, вакцинациямен аз қамтылған, халықтың жетуі қиын топтары және көшіп-қонушылардың, тіркелмеген тұлғалардың саны артқан аумақтарға ерекше назар аудару, олардың арасында анықтау кезінде вакцинацияланбаған және қызылшаға қарсы егілгені туралы деректері жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары хабардар етілген келісімін алғаннан кейін олардың бір реттік иммундауын ұйымдастырады.
    • бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін хабардар етілген келісімді алғаннан кейін вакцинациялауды ұйымдастыру;
    • халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алу және иммундаудан бас тартудың салдары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

    Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: # қызылша # екпе