Атырауда қаңтар айында 5 мыңға жуық адам коронавирус індетін жұқтырған

Эпидахуалдың алдағы жағдайы вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарына тікелей байланысты болады.
- Өткен жылдың желтоқсан айында аптасына 30-40 науқас тіркелген болса, күні бүгін тәулігіне 400-ге жуық адамнан індет анықталып отыр. Ауру деңгейінің күрт өсуіне байланысты, карантиндік шараларды күшейтуіміз қажет, -дейді ол.
«2021 жылы облыста коронавирус инфекциясын 23 238 адам жұқтырды. 2022 жылдың қаңтар айының өзінде 5 мыңға жуық науқас анықталды.
Талдап айтар болсақ, қаңтардың алғашқы аптасында 59, екінші аптада 130, үшінші аптада 1 мың 936 адам ковид жұқтырып отыр. Соңғы аптадағы статистика науқас санының 2 мың 448-ге артқанын көрсетіп отыр» деді спикер.
Қазіргі таңда облыстық аурухананың жұқпалы аурлар бөлімінде 200-ден астам науқас ем қабылдауда.
- Олардың 76-сы - жүкті әйелдер. Жиырмаға жуық науқас - жансақтау бөлімдерінде. Төрт науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» деді спикер Әсел Мұқаева.