Журналистер шет елдерде тегін білім ала алады

«Болашақ» бағдарламасы арқылы, Ттғылымдамадан өтетін БАҚ өкілдерінің шетелдегі шығындары өтеледі" деп хабарлайды ATPress.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде тағылымдамадан өте алады.

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері Гүлзат Асанбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы орайда ол «Болашақ» арқылы тағылымдамадан өткен кезде қандай шығындар өтелетінін айтты.

«Бізде тағылымдама бағдарламасынан бөлек, академиялық оқуға баратын үміткерлер де бар, яғни магистратура мен докторантура қамтылған. Осы орайда тағылымдама мен академиялық оқуға баратындардың оқуы мен жол шығыны, тұрғылықты жері мен тамағы, визасы, медициналық сақтандыруға керек төлемдері өтеледі. Талаптарға сәйкес конкурстан өтіп, құжаттарын тапсырса, аталған шығындардың барлығы төленеді», - деді Г. Асанбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Болашақ» бағдарламасы бойынша журналистер, режисерлер, операторлар, графистер әлемнің жетекші шетелдік ұйымдары мен ЖОО-ларында «Операторлық өнер», «Режиссура», «Журналистика», «Визуалды әсерлер. 3d анимация» және т.б. мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар. Тағылымдамадан өтуге үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс, соның ішінде соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер кепілге мүлік ұсынбайды. Міндеттемелерді орындау үшін кепілдеме берген екі адамды ұсыну ғана жеткілікті.

Гарант ретінде соңғы 12 айда тұрақты табысы бар 50 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары бола алады.

Дереккөз: inform.kz

Фото: ашық дереккөздерден алынды