ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

Әр пән бойынша ең кемі 5 балл жинай алмаған талапкер жоғары оқу орнына түсе алмайды.

Ұлттық тестілеу орталығы түрлі мамандықтар бойынша 2023 жылғы ҰБТ шекті балын хабарлады.

Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар келесідей:

  • "Құқық" – кемінде 75 балл;
  • "Педагогикалық ғылымдар" – кемінде 75 балл;
  • "Денсаулық сақтау" – кемінде 70 балл;
  • "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кемінде 60 балл.

Сондай-ақ, ұлттық жоғары оқу орындарында білім алу үшін кемінде 65 балл жинау қажет болса, басқа оқу орындарының шекті балы 50 балл болып белгіленген. Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.