US News & World Report нұсқасы бойынша білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде Қазақстан 78 ел ішінен 71-орында тұр.
Ranking.kz сарапшылары білім беру саласындағы жұмыспен қамту деңгейін және мұғалімдердің жалақыларын салыстырып көрді.
Сарапшылар пікірінше, тейтинг көшбасшылары АҚШ, Ұлыбритания және Германия болды. Білім беру саласы бойынша рейтингте Гватемала - ең соңғы.
Рейтингке қатысатын ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Өзбекстанды басып озды. Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжан Қазақстаннан алда болды.