11 Қаңтар, 2023 347

Атыраулық оқушылар мен колледж студенттері 12 қаңтардан бастап оффлайн оқиды

 Атыраулық оқушылар мен колледж студенттері 12 қаңтардан бастап оффлайн оқиды

Атырау облысында аяздың беті қайтып, күннің жылынуына байланысты оқушылардың сабағы дәстүрлі форматқа ауыстырылды.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтардан бастап мектептер мен колледждер өз жұмысын оффлайн режімде  жалғастырады.

Естеріңізге ​ сала кетейік, ​облыстық білім беру басқармасы ауа райының қолайсыздығына орай 10-11 қаңтар күні барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттерін қашықтан оқуға ауыстырған болатын.