"27 тамыз күні ресми түрде ашылғалы отырған лицей мектеп оқушыларына сапалы, заманауи білім береді деп күтілуде" деп хабарлайды ATPress.kz
Оқу бағдарламасынан бөлек лицейде балалар IELTS, пәндік олимпиадалар, ҰБТ-ға кешенді дайындық, қазақстандық және шетелдік үздік университеттерге түсуге бағыт-бағдар алатын болады.
Сонымен бірге, балалар бос уақытында шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы сынды интеллектуалды ойындар бойынша да қосымша білім алады. Білім сапасы бойынша үнемі сынға ұшырап жүрген Атырау облысы үшін бұл лицейдің маңызы зор. Себебі, Атырауда жоғары сапалы заманауи білім беретін лицейлер қатары әлі де болса аз.
Фото: ашық дереккөздерден